Q-pop

Q-pop
Сурет
Бағыт

поп

Бастаулары

билейтін музыкаэлектроникаэлектропопхип-хопрок • заманауи ритм-н-блюз

Пайда болған уақыты мен жері

2015 жыл, Қазақстан

Өркендеу жылдары

2015 — қазірге дейін

Туыстас жанрлар

K-pop, J-pop, C-pop

Q-pop (/kju pɔp/, ағылш. Qazaq pop (Қазақ поп) сөзінен шыққан аббревиатура[1]) — 1990 жылдары батыстық  электроника, электропоп, хип-хоп, билейтін музыка, заманауи ритм-н-блюз (R’n’B) элементтерін өз бойына сіңірген, Оңтүстік Кореяда құрылған K-pop жанырынан бастау алған жаңа музыкалық жанр, субмәдениет[2]. Бұл субмәдениет Қазақстанда алғаш рет 2015 жылы пайда болды, ал осы жанрда алғаш рет өнер көрсеткен 5 жігіттен құралған топ – Ninety One. Алғашқы осы жанрдағы топ болған соң олар Q-pop бағыттан басқа да жаңа топтар, әншілер пайда болуына үлкен жылжытпа берді. Екі жылда Қазақстанда осы бағытта көптеген топтар, әншілер пайда бола бастады.[3][4] Одан соң басқа да топтар және әншілер шыға бастады.

Жасөспірімдерге арналған Q-pop жанры әлеуметтік желілерде кең аудиторияға ие. Ninety One тобы Q-pop-ты жасөспірімдер арасына ұсынып бұрын соңды болмаған дүрлікпе жасады.[3] Q-Pop атты жаңа музыкалық жанр қазіргі таңда бүкіл әлемде өз айналымын алып жатыр. Q-pop'тың бастаушылары Ninety One Оңтүстік Кореяға бастапқы сыртқа танылу жолдарын сол жақтан бастау үшін Сеулдың Хондэ студенттік ауданында өнер көрсетті, айта кететін ақпарат Хондэ студенттік аудан жастардың орталығы, ол жақта күн сайын неше түрлі жаңа тенденциялар пайда болады және өз өнеріңді көрсетуге арналған өте керемет жер деп айтуға болады. Қазақстаннан келген айдолдарға корейлік көрермендер өте жылы құшақпен қабылдады.[5]

Қазіргі таңда бұл жанрда Ninety One, DNA, Madmen, EQ, Crystalz, 10iz, Ayanat, Iceblue, Divine, Youngsters, Alien, Sevenlight, W атаулы топтар және де жеке әншілерден Ziruza , Ayree , Malika Yes , Riza , C.C.TAY , Kyle Ruh ,DiUooU , Alba , Young Khan , Tamiris , Madi Rymbaev , AJ , KAKEY , Arsenaleen, Aniko секілді әншілер үлкен саханада өздерінің бақтарын сынап жүр. Бұл музыкалық бағытқа көп уақыт болмаса да сол уақыт ішінде Black Dial , Newton , Stereo E, Ozge, Juzim , Buira секілді топтардың құрылып кейіннен тарап кетулеріне тура келді.

Сонымен қатар мынадай дыбысжазу компаниялар және таланттарды іздеу агенттіктері бар, мысалы JUZ Entertainment, YB Entertainment, Ai Production, Trend Entertainment , SevenQ Lab, MM Entertainment , DEM Entertainment , Dara Entertaiment , Lion Pride Entertaiment сияқты компаниялар бар. [6][7].

  1. Q-Pop  (қаз.). juldyz-alem.kz (21.01.2016). Тексерілді, 9 қараша 2018.
  2. Корей толқыны мен қазақ жастары Мұрағатталған 25 тамыздың 2016 жылы.
  3. a b Q-pop Қазақстанның сана сезімін қатайтуда  (орыс.), ИноСМИ.Ru (17 августа 2017). Тексерілді 9 қарашаның 2018.
  4. Kazakstanin Q-pop nostattaa teinihysteriaa ja kasvattaa kansakunnan identiteettiä  (фин.). Yle Uutiset. Тексерілді, 9 қараша 2018.
  5. Q-pop шекаралардан асуда  (орыс.). Тексерілді 9 қарашаның 2018.
  6. Ninety One Қазақстандағы K-pop (Q-pop) бағытын бастаушылар  (орыс.). Bnews.kz (14 октября 2015). Тексерілді, 11 тамыз 2016.
  7. Қазақстандық Ninety One тобының әні түрік чарттарында бірінші орын алды  (орыс.). Tengrinews.kz (14 октября 2015). Тексерілді, 22 қыркүйек 2016.

© MMXXIII Rich X Search. We shall prevail. All rights reserved. Rich X Search